Қоғам

Сағынтаев Алматыда азық-түлік бағасын қалай ұстап тұруға болатыны туралы айтты

Бағаны тұрақтандыру үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 8 миллиардтан астам теңге берілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. "Алматы" телеарнасы Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтты.

Шілденің бірінші аптасында ТБИ 0,4%-ға төмендегені байқалды, бұл қаланың позициясын 4 тармаққа төмендетуге мүмкіндік берді.

Жеңілдетілген несие бойынша жалпы сомасы шамамен 8 млрд.теңге берілді.

"Бұған сауда желілері мен өндірушілер қатысты. Мысалы "Magnum Cash & Carry" ЖШС-ға 12 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ұн, күріш, қарақұмық жармасы, макарон өнімдері, қант, күнбағыс және сары май, айран, сүт, сүзбе, тауық еті және сиыр еті) осы жылдың соңына дейін белгіленген бағамен алуға және ұйымдастыруға 3,1 млрд тг бөлінді", - деді ол.

Ағымдағы жылдың қараша айына дейін 10 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ұн, күріш, нан, макарон өнімдері, күнбағыс және сары май, айран, сүзбе, тауық еті, тұз) "Тоймарт" сауда желісінің сөресінде сараланған бағаны белгілеу үшін 245 млн теңге осы мақсатқа пайдаланылады.

Кімге қанша бөлінді

1 млрд. тг - "Ақсай "ХБК" ЖШС 23,8 мың тонна нанды белгіленген нақты бағасымен жеткізу үшін 75 тг/бөлке осы жылдың желтоқсан айына дейін.

800 млн тг - "Алсад Қазақстан" ЖШС-не 49,6 млн. жұмыртқа жеткізу үшін белгіленген нақты бағасы 400 тг/ондаған 3 жыл ішінде.

"Union Products" ЖШС-не 2730 тонна ет өнімін (1365 тонна сиыр еті мен тауық еті бойынша) 132 дүкенге белгіленген баға бойынша (2050 – сиыр еті, 782 тг-тауық еті) 2022 жылдың наурызына дейін жеткізу үшін 250 млн тг берілген.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов азық-түлік қымбаттауының алдын алу жолын атады

"Асыл Meat" ЖШС-нің 6 фирмалық дүкендеріне 2022 жылдың маусымына дейін 2050 тг/кг бағамен 90,5 тонна сиыр етін жеткізу үшін 88 млн тг берілді.

255 тг/кг-нан 5 мың тонна қант жеткізу үшін ірі қант өндіруші - "Меркі қант зауытына" "айналым" заемын беру пысықталып жатыр.

Қаланың жеті негізгі азық-түлік базарларында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме сауда), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) "әлеуметтік дүкендер" жұмыс істейді. Бұл базарларда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауардың 10 түрі (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, макарон өнімі, ұн) орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.

Бұл сатушылар арасында бәсекелестік ортаны қалыптастырады және халықты қолжетімді бағамен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар картоп пен сәбіз бағасының өсуіне байланысты жедел түрде Түркістан облысынан көкөністерді тікелей жеткізу мәселесі шешілді.

Бұл картоп бағасын 260 теңгеден 125 теңгеге дейін, сәбіз бағасын 450 теңгеден 200 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Болашақта нарықтың толығуына байланысты бағаны төмендету тенденциясы сақталады.