АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде жинаулы тұрған 400 тонна шөп өртенді. Өрт 12 сағатта сөндірілді, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" порталы.
Өрт 13 шілде сағат 19:00 шамасында шөп жинау кезінде басталған. Екі мыңға жуық шөп орамы өртенді.
Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда орман өртенді
Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті БҚО төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру құрамасының 8 адамы сөндірді.
Өрт 14 шілде таңертең ауыздықталды.
12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Имантау ауылы маңында қайың-қарағай орманы өртенген болатын. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 100 гектарды құрады. Өрт сөндіруге тікұшақ да қолданды.