Фото

Жүрегі тоқтаған футболшы мен тізе бүккен ағылшындар: Еуро-2020 несімен есте қалды - фото

Sputnik

Құрлықтық футбол тарихына ең ірі чемпионат ретінде енген Еуро-2020 дүбірлі додасының қалай өткенін тағы бір еске алайық.

Бас жүлдеге талас Еуропаның он бір қаласында – Баку мен Будапешттен Лондон мен Мадридке дейінгі, Санкт-Петербург пен Барселонадан Глазго мен Римге дейінгі 12 стадионда өтті. Әр қалада фанаттар үшін сүйікті командаға қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен экран қойылған ресми аумақтар жабдықталды.

Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксеннің Еуро-2020 кезінде кенеттен жүрегі тоқтап қалуы чемпионаттың ең үрейлі сәті болды. Ойын он бір минутқа тоқтатылып, спортшыға жедел көмек көрсетілді. Бірнеше күннен кейін ол алаңға қайта оралды.

Ал Криштиану Роналдудың баспасөз конференциясы кезінде алдына қойылған газдалған сусынды ары итеруі ірі корпорация акцияларының құнына едәуір әсер етті.

Ал ағылшын құрамасы Black Lives Matter қозғалысына қолдау көрсету мақсатында ойын алдында тізе бүкті. Алайда тіпті Англияның өзінде спортшылардың бұл әрекетін қолдағандар саны көп болмады. Басқа елдің спортшылары бұл ишараны "арандатушылық" және "мәнсіз" деп атады.

Жалпы мерейтойлық Еуро-2020 спортшылар, жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардың есінде ерекше, күрделі және қарама-қайшылыққа толы чемпионат ретінде қалатыны анық.

1 / 13
Италия құрамасы Еуро-2020 финалындағы жеңісіне қуанып, бас кубокты көтеріп тұр. Футболдан Еуропа чемпионаты осылай аяқталды.
2 / 13
Еуро-2020 ашылуы да Италиямен байланысты болды. Салтанатты рәсім Римдегі Олимпиада стадионында, ал алғашқы матч Италия мен Түркия құрамаларының арасында өтті.
3 / 13
Еуро-2020 додасындағы драмаға толы сәт. Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен финдерге қарсы топтық кезеңдегі бірінші тур матчының бірінші таймы аяқталған кезде есінен танып қалды. Ойын тоқтатылды. Ойыннан кейін Эриксеннің жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Қуанышқа орай, дат футболшысының жағдайы тұрақталып, оны ауруханаға жеткізді. 18 маусымда спортшы медицина мекемесінен шығарылды.
4 / 13
Италия қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма қақпаны ағылшын спортшысы Джейдона Санчо тепкен пенальтиден қорғап жатыр.
5 / 13
Англия құрамасы Еуро-2020 алдында да, Еуропа чемпионатында да Black Lives Matter қозғалысына қолдау көрсету мақсатында тізе бүкті. Алайда көп елдің құрамасы бұл акцияға қосылған жоқ. Тіпті Ұлыбританияның өзінде де жанкүйерлер бұл әрекетті қолдамады.
6 / 13
Италиялық жанкүйерлер Уэмбли стадионындағы ақтық ойын кезінде өз құрамасына белсенді түрде қолдау көрсетті.
7 / 13
Италияның өзінде де жанкүйерлер спортшыларға қарқынды қолдау көрсетті. Мысалы, Миланда карантин шектеулеріне қарамастан Duomo қалалық кафедралдық соборының алдындағы алаңда жалау ұстаған мыңдаған адам жиналды.
8 / 13
Дәстүр бойынша Италия құрамасының ойыншысы Алессандро Флоренци басқа спортшылар секілді Уэмбли стадионындағы Англия құрамасының қақпасындағы тордың бір бөлігін естелікке алды.
9 / 13
Еуро-2020 жеңісінен кейін Parco dei Principi қонақ үйінің жанында Италия құрамасының футболшысы Джорджо Кьеллини кубокты ұстап автобустан түсіп келе жатыр.
10 / 13
Криштиану Роналду баспасөз конференциясы кезінде Еуро-2020 демеушілерінің сусыны құйылған бөтелкені шетке ысырып қойды. Оның бұл әрекеті осы компания акцияларының арзандауына алып келді. Бұл оқиғадан кейін бапкерлер мен басқа да ойыншылардың қатысуымен желіде өте көп мем таралды. Ал спортшыға баспасөз конференциясы кезінде реквизиттерді ұстауға тыйым салынды.
11 / 13
Кристиан Эриксеннің ойын алаңында жүрегі тоқтап қалуы Дания жанкүйерлері үшін нағыз шок болғаны анық. Сол сияқты Дания құрамасының чемпионаттағы жарыстан шығып қалуы да оларды есеңгіретіп тастады.
12 / 13
Глазгодағы Хемпден парк стадионында өткен Швеция – Украина матчы кезінде Артем Довбик екінші рет гол соққанда жанкүйердің бірі алаңға жүгіріп шықты. Күзет қызметі оны алаңнан алып шығуға тырысып жатыр.
13 / 13
Барлығы осыдан басталды. Еуро-2020 аясындағы алғашқы матчтың добы рефери Дэнни Маккелиге қашықтан басқарылатын шағын автокөлікпен жеткізілді.