Құрлықтық футбол тарихына ең ірі чемпионат ретінде енген Еуро-2020 дүбірлі додасының қалай өткенін тағы бір еске алайық.
Бас жүлдеге талас Еуропаның он бір қаласында – Баку мен Будапешттен Лондон мен Мадридке дейінгі, Санкт-Петербург пен Барселонадан Глазго мен Римге дейінгі 12 стадионда өтті. Әр қалада фанаттар үшін сүйікті командаға қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен экран қойылған ресми аумақтар жабдықталды.
Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксеннің Еуро-2020 кезінде кенеттен жүрегі тоқтап қалуы чемпионаттың ең үрейлі сәті болды. Ойын он бір минутқа тоқтатылып, спортшыға жедел көмек көрсетілді. Бірнеше күннен кейін ол алаңға қайта оралды.
Ал Криштиану Роналдудың баспасөз конференциясы кезінде алдына қойылған газдалған сусынды ары итеруі ірі корпорация акцияларының құнына едәуір әсер етті.
Ал ағылшын құрамасы Black Lives Matter қозғалысына қолдау көрсету мақсатында ойын алдында тізе бүкті. Алайда тіпті Англияның өзінде спортшылардың бұл әрекетін қолдағандар саны көп болмады. Басқа елдің спортшылары бұл ишараны "арандатушылық" және "мәнсіз" деп атады.
Жалпы мерейтойлық Еуро-2020 спортшылар, жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардың есінде ерекше, күрделі және қарама-қайшылыққа толы чемпионат ретінде қалатыны анық.