Қоғам

Дәлізде күтуге мәжбүр: елорда перзентханаларында орын тапшы - депутат

Депутаттары бас шаһардағы перзентханаларда орын тапшы екенін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Елде денсаулық көрсеткіштері күрт нашарлады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ана өлімі үштен бірге, жүрек ауруынан болатын өлім-жітім 40%-ке өсті. Бұған жабдықтың, әсіресе реанимация және жедел жәрдем бөлімшелерінің төмен деңгейі ықпал етеді. Бүгін "Nur Otan" партиясы жанынан құрылған денсаулық сақтау жөніндегі қалалық кеңес мүшелері, саладағы түйіткілдерді талқылады.

"Денсаулық сақтау басқармасының нақты жүйеленген әдісі жоқ. Сіздер айтып жатқан ескертпелерді Жол картасынан алып тастай салу мүмкін емес. Бұл карта қаншама зерттеуден өтіп, қабылданған. Сондықтан, оны жүйелі орындау үшін мақсатты жоспарлар әзірлеу қажет", - деді "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов.  

Басқосуда бас шаһардағы перзентханаларда болып жатқан орын тапшылығы да сөз болды. Тіпті, кейбір науқастар дәлізде отырып күтуге мәжбүр.

Оқи отырыңыз: Депутаттар коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау туралы не ойлайды?

Кеңес мүшелері, короновирусқа қарсы күреспен шектелмей басқа да өзекті проблемаларды шешудің тиімді алгоритімін әзірлеуді ұсынды.