Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қаулы шығарды. Оған сәйкес, халыққа қызмет көрсететін сала қызметкерлері вакцина салдыруға міндетті. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсыруға тиіс.
Sputnik Қазақстан тілшілері осы мәселеге қатысты депутаттардың ойын сұрап, өздері екпе салдырды ма, жоқ па, оны да біліп қайтты.