Өңірлер

Қазақстанның солтүстігінде болған жол апатынан үш адам зардап шекті – видео

Полицияның хабарлауынша, Lexus автокөлігі ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ВАЗ-2110 мен жол толғамайтын көлік соқтығысқан. Салдарынан көлік жыраға түсіп кетіп, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының маңында болған жол апатының видеосы тарады. Аталған фактіні аудандық полиция бөлімі растады.

"11 шілде күні Петропавл-Жезқазған тас жолының 942-ші шақырымында 1961 жылы туған Lexus автокөлігінің жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне сенімді болмай, сол бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан. ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі 2002 жылы туған Бескөл ауданының тұрғыны. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жыраға түсіп кетті", - деп хабарлады полиция бөліміндегілер.

ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Сол күні вакцина алған: Алматыда жол апатынан 3 адам зардап шекті - фото

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.