Оқиға

Сол күні вакцина алған: Алматыда жол апатынан 3 адам зардап шекті - фото

© Sputnik / СтрингерТройная авария на Кульджинском тракте
Тройная авария на Кульджинском тракте - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2021
Жазылу
Автокөліктердің бірі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп кроссовермен соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Алматыда Құлжы трактінде үш автокөлік соқтығысты, деп хабарлады құқық қорғау органдарында Sputnik Қазақстанға.

Куәгерлер мен Volkswagen Touareg жүргізушісінің айтуынша, Mercedes 190 және Nissan Almero оңтүстік бағытта келе жатқан. Бұқтырма көшесіне жетпей Mercedes 190 жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетті.

© Sputnik / СтрингерАлматыда Құлжы трактінде үш автокөлік соқтығыст
Сол күні вакцина алған: Алматыда жол апатынан 3 адам зардап шекті - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2021
Алматыда Құлжы трактінде үш автокөлік соқтығыст

Көлік айналып, Volkswagen Touareg-пен соқтығысқан. Соққыдан көліктің сынықтары өтіп барат жатқан Nissan Almero-ға тиген. Салдарынан үш адам жарақат алды. Олар Mercedes жүргізушісі, сондай-ақ Volkswagen-дегі жолаушы мен 2008 жылы туған бала.

Оқи отырыңыз: "Мама, рөлге неге отырдың?!": елорда маңында болған жол апатының видеосы тарап кетті

Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккендердің барлығын ауруханаға жеткізді.

Mercedes 190 жүргізушісінің туыстарының айтуынша, ер адам сол күні вакцина алған. Ал кешке қарай жұмыста өзін нашар сезінген. Жұмыстан үйіне жіберген, алайда ол жолда жол апатына ұшырады.

Жаңалықтар
0