Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейді

Елімізде 39 619 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты. Коронавирустан 38 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан үш қазақстандық көз жұмды.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО-да емін-еркін жүруге мобильді қосымша көмектеседі

11 шілдедегі мәлімет бойынша 39 619 адам коронавирус инфекциясынан (38 171 КВИ+ және 1 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 910 пациент стационарда, 26 709 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 795 адамның жағдайы ауыр,
  • 175 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 102 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын 454 825 қазақстандық жұқтырды.