03:25 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

"COVID-19-сыз саяхат жасаймын" мобильді қосымшасын Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Қазақстанда қолдануға болады. ЕАЭО-ға кірмейтін Тәжікстан да оны қолданысқа енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі "COVID-19-сыз саяхат жасаймын" мобильді қосымшасын қолдану тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елшілік мамандары екі елдің шекарасынан өту ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсету қажеттігін еске салды. Анықтаманың мерзімі үш күннен аспауы шарт. Ал "COVID-19-сыз саяхат жасаймын" мобильді қосымшасының көмегімен бәрін жылдам жасауға болады. Себебі анықтаманың қағаз нұсқасын көрсетудің қажеті жоқ.

"Саяхаттайтын азаматтарға барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін "COVID-19-сыз саяхат жасаймын" жүйесі жасалған болатын. Соның көмегімен ПТР-тесттің нәтижесін электронды түрде растауға болады", - дейді мамандар.

Елшілік мобильді қосымшаны қолдану тәртібін де жариялады.

  • Қосымшаны жүктеу;
  • Тест тапсыру (Қосымша адамның қай жерден шығатынын өзі анықтайды. Ал қолданушы баратын елді таңдауы тиіс. Осыдан кейін жақын жерде орналасқан зертханалардың мекенжайы шығады. Соның біреуін таңдап, ыңғайлы уақытта коронавирус инфекциясына ПТР-тест тапсыру қажет);
  • Тест нәтижесін алу ("Жасыл" – тесттің теріс нәтижесі, "қызыл" – тесттің оң нәтижесі. Сондай-ақ, анықтаманың мерзімі өтіп кетсе, "қызыл" түс шығады);
  • Тесттің нәтижесін көрсету (Адам баратын жеріне жеткеннен кейін қосымша арқылы COVID-мәртебесін көрсетеді. Ал бақылаушы оны кіргізуге немесе кіргізбеуге шешім қабылдайды)

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан "COVID-19-сыз саяхат жасаймын" жобасына қосылған болатын.

Соның арқасында ЕАЭО елдерінде кедергісіз жүруге болады. Мобильді қосымшаны Ресей, Армения, Беларусь пен Қырғызстанда қолдануға болады. ЕАЭО-ға кірмейтін Тәжікстан да оны қолданысқа енгізді.

Кілт сөздер:
ЕАЭО, саяхат, мобильдік қосымша
Загрузка...

Басты тақырып