Қоғам

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қызметінен босатқан болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Үкіметінің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

"Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды", - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Премьер-министр Асқар Мамин 45 жастағы жаңа вице-министрді ведомство ұжымына таныстырды.

Тоқаев Омаровты неге қызметінен босатты

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.

Президент жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмағанын атап өтті. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ, деді Тоқаев. Фермерлер көмек сұрап, тікелей президентке өтініш айтып жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысы қуаңшылық табиғи жағдай екенін атап өтті. Алайда оның пікірінше, осындай күрделі кезеңде министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.

Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаров отставкаға кетті.