Қоғам

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қызметінен босатқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Үкіметінің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

"Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды", - делінген хабарламада.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра КазахстанаАуыл шаруашылығы вице-министрі – министр міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев
Ауыл шаруашылығы министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министр міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев

Премьер-министр Асқар Мамин 45 жастағы жаңа вице-министрді ведомство ұжымына таныстырды.

Тоқаев Омаровты неге қызметінен босатты

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.

Президент жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмағанын атап өтті. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ, деді Тоқаев. Фермерлер көмек сұрап, тікелей президентке өтініш айтып жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысы қуаңшылық табиғи жағдай екенін атап өтті. Алайда оның пікірінше, осындай күрделі кезеңде министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.

Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаров отставкаға кетті.

Жаңалықтар
0