НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясы салдарынан 33 адам, пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулік ішінде 3 130 адам COVID және 112 адам вирустық пневмония жұқтырғаны анықталды.
Оқи отырыңыз: Президент вакцинаны міндеттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді
10 шілдедегі жағдай бойынша 37 764 адам КВИ-ден емделуде (36 371 КВИ+ және 1393 КВИ-), оның ішінде 11 989 пациент стационарда, ал 25 775 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.
КВИ+ және КВИ- пациенттерінің арасында:
- ауыр жағдайда – 770 науқас,
- өте ауыр жағдайда - 161 науқас,
- жасанды тыныс алдыру аппаратында - 88 науқас.
10 шілдедегі мәлімет бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы өзгерген жоқ.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.