Қоғам

Бір тәулікте 38 адам COVID пен пневмониядан қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Жазылу
Бүгінгі күні ауруханаларда 12 мыңға жуық адам коронавирустан емделуде, оның мыңнан астамы ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясы салдарынан 33 адам, пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулік ішінде 3 130 адам COVID және 112 адам вирустық пневмония жұқтырғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Президент вакцинаны міндеттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді 

10 шілдедегі жағдай бойынша 37 764 адам КВИ-ден емделуде (36 371 КВИ+ және 1393 КВИ-), оның ішінде 11 989 пациент стационарда, ал 25 775 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ- пациенттерінің арасында:

  • ауыр жағдайда – 770 науқас,
  • өте ауыр жағдайда - 161 науқас,
  • жасанды тыныс алдыру аппаратында - 88 науқас.

10 шілдедегі мәлімет бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы өзгерген жоқ.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Жаңалықтар
0