НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп болжады "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі.
Республиканың басым өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік пен солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашын көп түсуі мүмкін.
Тек елдің қиыр солтүстігінде күн ашық болады. Кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл көтеріледі.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр, күндіз +21, түнде +15.
Алматыда сенбіде ыстық болады, күндіз +30, түнде +22, найзағай ойнауы мүмкін.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +34 дейін ыстық, түнде 22 градус жылы болады.
Өңірлердегі ауа райы
Қызылорда, Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел 15-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғады.
Ақмола облысының басым бөлігінде жел 15-25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл соғады.
Алматы, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-28 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел 15-25 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.