Қоғам

Сенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

© Public DomainМолнии, гроза, погода, иллюстративное фото
Молнии, гроза, погода, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
 Алдағы сенбі күні, 10 шілдеде Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қатты ыстық болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп болжады "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі.

Республиканың басым өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік пен солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашын көп түсуі мүмкін.

Тек елдің қиыр солтүстігінде күн ашық болады. Кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл көтеріледі.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр, күндіз +21, түнде +15.

Алматыда сенбіде ыстық болады, күндіз +30, түнде +22, найзағай ойнауы мүмкін.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +34 дейін ыстық, түнде 22 градус жылы болады.

Өңірлердегі ауа райы

Қызылорда, Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел 15-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жел 15-25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл соғады.

Алматы, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-28 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел 15-25 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.  

Жаңалықтар
0