Оқиға

Елорда аспанын түтін қаптады: жеке секторда қураған шөп өртенді

Жұма күні Есіл ауданының аумағында жеке секторда қураған шөп тұтанды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қураған шөп өртеніп жатыр, қазіргі уақытта оқиға орнына екі техника мен он адам жіберілді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Қарағанды ​​облысында 23 жастағы жігіттің өртенген денесі табылды
"Өрт Қорғалжын тасжолының бойында Есіл ауданында болды. Төтенше жағдай орнына он адамнан тұратын біздің қызметкерлер және екі техника жіберілді. Қураған шөп өртеніп жатыр. Кәдімгі қатардағы өрт", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт қанша аумаққа шарпығаны әзірге белгісіз.

Таяуда елордада элиталық "Highvill" тұрғын үй кешені өртенді. Пәтердің бірінде тұрмыстық техника мен заттар өртенгені анықталды.