НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. 10 шілдеден бастап Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі.
Тиісті қаулыға облыстың бас санитар дәрігері қол қойды.
Атап айтқанда, Ashyq жобасына қатыспайтын кинотеатрлардың, театрлардың, аттракциондардың, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі – санитар дәрігер жаңа қаулы дайындап жатыр
Сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар тек жұмыс күндері ашылады.
Қоғамдық тамақтану орындары мен жаздық дәмханалар сағат 9.00-ден 02.00-ге дейін Ashyq арқылы, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Ashyq-сыз жұмыс істейді.
Қарағанды облысы коронавирустың "қызыл" аймағында тұр, өткен тәулікте мұнда 349 науқас тіркелді.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.