Өңірлер

Қарағанды ​​облысында да карантин күшейтіледі

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Караганда
Виды города Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Ashyq жобасына қатыспайтын кинотеатрлар, театрлар, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары жабылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. 10 шілдеден бастап Қарағанды ​​облысында карантин шаралары күшейтіледі.

Тиісті қаулыға облыстың бас санитар дәрігері қол қойды.

Атап айтқанда, Ashyq жобасына қатыспайтын кинотеатрлардың, театрлардың, аттракциондардың, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі – санитар дәрігер жаңа қаулы дайындап жатыр 

Сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар тек жұмыс күндері ашылады.

Қоғамдық тамақтану орындары мен жаздық дәмханалар сағат 9.00-ден 02.00-ге дейін Ashyq арқылы, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Ashyq-сыз жұмыс істейді.

Қарағанды ​​облысы коронавирустың "қызыл" аймағында тұр, өткен тәулікте мұнда 349 науқас тіркелді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Жаңалықтар
0