НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Коронавирустың жеңіл түрін респираторлық вирустық инфекциямен шатастырып алуға болады. Алайда инфекцияның дамуын көрсететін бес негізгі белгі бар. Бұл туралы BestDoctor медицинаны дамыту департаментінің басшысы Юлия Ткаченко "Известияға" айтты.
Оның айтуынша, коронавирусқа тән белгілер - дәм мен иістің жоғалуы, жалпы әлсіздік, қатты құрғақ жөтел, дене температурасының 38,5 градустан жоғары көтерілуі, сондай-ақ ентігу.
Осы симптомдар болған жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет, деп түсіндірді Ткаченко. Диагнозды ПТР анализінің көмегімен ғана анықтауға болады, дейді ол.
Маман қазір коронавируспен тиімді күресетін дәрі-дәрмек жоқ екенін, сондықтан дәрігерлер инфекция дамуының алдын-алуға бағытталған емдеуді және аурудың белгілеріне қарсы дәрілерді тағайындайтынын атап өтті.
"Патогенетикалық терапия аурудың ауырлығына байланысты қойылады. Оның құрамына әр түрлі қабынуға қарсы препараттар (глюкокортикостероидтар, ИЛ-6 рецепторының ингибиторлары), қан сұйылтқыштар (антикоагулянттар) қабылдау туралы тек дәрігер шеше алады", - деп қорытындылады ол.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 442 291 жетті. Оның ішінде барлығы 40 899 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Оқи отырыңыз: Ресейлік вирусолог: адамзат тарихында пандемия аз болған жоқ
2021 жылғы 7 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 3 906 643 адам, II компонентін 2 236 062 адам салдырды.