Денсаулық

Ресейлік вирусолог: адамзат тарихында пандемия аз болған жоқ

© Sputnik / Тимур БатыршинЛето в Алматы
Лето в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Коронавирус пайда болғанға дейін генно-инженерлік вакциналарды қолдануға қорқатын, ал қазір оларды қолданбай ауруға төтеп беру мүмкін емес, деп санайды Гамалея атындағы институттың бас ғылыми қызметкері Анатолий Альштейн

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Пандемияның беті қайту үшін қанша адамға екпе салу керек, ревакциналаудың қажеті қанша және вирусты қашан жеңеміз? Sputnik ұсынған осы сұрақтарға Гамалея атындағы иинституттың бас ғылыми қызметкері Анатолий Альштейн жауап берді.

Жаппай вакциналау туралы

Ресей – тиімді вакцинаны алғашқы боп әзірлеген мемлекеттң бірі. Анатолий Альштейннің айтуынша, алайда Ресей Федерациясында халықтың аз көлемі ғана екпе салдырды.

"Мәскеулік биліктің күш салуы арқасында екпе салу науқаны әлдеқайда жылдамырақ жүргенімен, біз кейін қалып отырмыз. Себебі басқа мемлекеттер халқының 60%-ін вакциналап  үлгерді. Ал бізде көрсеткіш 12-15% деңгейінде. Шындығында, әлемде вакцина салдырған адамдар саны да осындай. Әлемдегі вакциналау көлемі үлкен, шамамен екі жарым миллиард екпе салынды", - деді вирусолог.

Ол әлемде ешқашан мұндай жаппай вакциналау болмағанын айтты.

Екпе салдыруды қолдайтындар мен қолдамайтындардың текетіресі

"Менің ойымша, вакцина салуды қолдайтындардың ұстанымдары дұрыс. Бұл халықты 100% вакциналау дегенді білдірмейді. 12 жасқа толмаған балалар, ауыр сырқаты бар науқастар секілді вакцина салуға болмайтын топ бар. Алайда халықтың 60-65%, тіпті 70%-іне екпе салуға болады. Салу керек те", - деп санайды Альтштейн.

Вирусолог профессордың айтуынша, ревакциналаудан қорқудың еш қажеті жоқ. Бұл иммунитетті күшейту үшін керек. Бастапқыда жарты жылдан кейін вакцинаны қайта салғызу қажеттілігі туралы сөз болған жоқ. Анатолий Альштейннің пікірінше, себебі ол кезде вирус мұншалықты қауіпті түрге мутацияланған жоқ.

Ол коронавирустың "дельта" деп аталатын үнді штамы "вакцинаға әлдеқайда жақсы төтеп бере алады, сондықтан екпе бұл вирусқа мейлінше әсер ету үшін оның таралуына жол бермес үшін иммунитетті күшейту керек. Ол үшін ревакциналау қажет" екенін растады.

Қалыпты өмірге қайта оралу туралы

"Адамзат тарихында мұндай қорқынышты пандемия аз болған жоқ. Олардың қатарында шешек, оба, тырысқақ бар. Бірақ ол кезде бізде вакцина болған жоқ. Тек 1976 жылдан кейін кәдімгі шешекке қарсы вакцина пайда болды. Бұл вакцинаны ХІХ-ХХ ғасырларда қолданды. Нәтижесінде кәдімгі шешекті түбегейлі жоюға қол жетті. Қазір ол вирус әлемнің еш бұрышында жоқ", - деді Анатоллий Альштейн.

Ол 1980 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шешек ауруын анықтаған дәрігерге 50 мың доллар беру туралы жариялады. Алайда ол сома ешкімге бұйырған жоқ.

Оқи отырыңыз: "Жаппай тексеріс болады": вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

"Соңғы қорқынышты пандемия әлемде 1918-1919 жылдары болды. Бұл "испан" тұмауы болатын. Ондаған миллион адам көз жұмды. Ол кезде вакцина жоқ болатын және вирус қоздырғышы да анықталмады. Бұл пандемия екі жылға созылып, біртіндеп қайта бастады. Коронавирус пандемиясына қатысты айтсам, бір-екі жылдың ішінде ол да басылады деп ойлаймын. Алайда қазір бұрын-соңды адам баласында болмаған мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Бұл гендік-инженерлік вакциналар. Олар тұңғыш рет айналымда кеңінен қолданылып отыр", - деді вирусолог.

"Гендік инженерлердің алдында алғаш рет мүмкіндік пайда болып, олар тиімді вакцинаны әзірлей алды. Олар қазір бізге эпидемиямен күресуге көмектесіп жатыр. 80-90 жылдары эксперименттік шаралар жүргізілді, шағын әрекеттер жасалды. Африкада Эбола безгегі пайда болған кезде біз тұңғыш рет генді-инженерлік вакцинамен жұмыс істеп, оларды қолдана алдық. Дәл осы вакциналар жоғары тиімділік көрсетті. Дәл біздің еліміз бұл вакциналарды жаппай қолданыста пайдаланғанын мақтан тұтамыз", - деді Альштейн.

Жаңа дерт пе

Үндістаннан коронавирустың жаңа белсенді штамы жеткені және басқа инфекция – "Қара зең" таралып жатқаны туралы жиі айтылып жатыр. Бұл ауру басқа елдерге жетеді деп қауіптену керек пе?

"Қара зең" – патогенділігі төмен микроағза және оған адамдардың шалдығуы сирек. Алайда адамдар коронавирусқа шалдыққанда бұл дертті жұқтыруы жиі тіркеледі. Ол расында да өте ауыр жүретін, өлімге әкелетін қауіпті ауру", - деді ғалым.

Сонымен қатар Анатолий Альштейн Ресей мен оған жақын мемлекеттер үшін бұл ауру қорқынышты емес екенін айтты. Себебі оның таралу ошағы Үндістан болып отыр және әзірше "қара зең" ол елдің аумағынан тыс анықталған жоқ. Сондай-ақ бұл медицина қарсы тұра алмайтын ауру емес. Ресейлік "Спутник V" вакцинасы коронавирусқа қарсы төтеп беру кезінде "қара зеңге" шалдығу қаупін төмендетіп, адамдарды ажалдан аман алып қала алады.

Жаңалықтар
0