Оқиға

Үш астаналық көпірдің аркасына шығып кетті – құтқару операциясының видеосы

Көпірдің доғасына шығып кеткен үш жігіт күнге қыздырынып жатқан. Құтқарушылар оларды арнайы альпинистік құрал-жабдық көмегімен түсіріп алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Астаналық құтқарушылар "Қараөткел" көпірінің шыңына шығып кеткен жасөспірімдерді түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 5 шілде күні үш адам көпірдің доғасына шығып кеткені туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден сол жерге аттанды. Олар күнге қыздырынып жатамыз деп, көпірдің доғасына шыққаны белгілі болды.

Күнге жақын жатамыз деген жасөспірімдерді арнайы альпинистік құрал-жабдық көмегімен түсіріп алуға тура келді. Мамандар құтқару операциясын видеосын бөлісті.

Айта кетейік, экстремалдар "Қараөткел" көпірінің доғасына шыққанды ұнатады. Біреулер мас болғандықтан, енді біреулер әдемі селфи мен фото үшін тәуекелге барады. Мәселен, 2016 жылы алты бірдей адам көпірдің шыңына шыққан. Олардың біреу өз-өзіне қол салмақ болды. Бірақ құтқарушылар оны түсіріп алды.

Көпірдің доғасына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұзақыларға, көбінесе, айыппұл салынады.