Өңірлер

Жүргізуші куәлігін алмақ болған Семей тұрғыны полицияға арыз түсіруге мәжбүр болды

Семейде 32 жастағы әйел жергілікті тұрғынның 137 мың теңгесін иемденіп кеткен. Күдікті ұсталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Жүргізуші куәлігін оңай жолмен алмақ болған Семей тұрғыны алаяққа алданды, деп хабарлады Altaynews.kz.

"Әкімдіктен келдік": министрлік алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Маусымның басында Семей қалалық полиция басқармасына 38 жастағы жергілікті тұрғын арыз түсірген, ол 25 қаңтарда таныс емес әйел жүргізуші куәлігін алып беремін деп, 137 000 теңгесін иемденіп кеткенін хабарлаған.  

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады, ол тергеу барысында кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ШҚО полиция департаменті бастығы Сағат Мәдиев. 

 Полиция департаменті алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге және қырағы болуға шақырды. Алаяқтардың құрбаны болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек.