НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қолына папка ұстаған, куәлігі бар және ақ жейде киген жастар әкімдіктен келгендерін және халық санағын жүргізіп жүргендерін айтады. Сөйтіп, үйлерді аралап, алаяқтық жасайды.
Оқи отырыңыз: Министр коронавирусқа байланысты қандай шешім қабылданғанын айтты
"Осыған байланысты ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті қалың жұртшылық пен тұрғындарға мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және ол адамдардың халық санағын өткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде хабарлайды", - делінген комитеттің ақпаратында.
Осы орайда комитет короновирус инфекциясының таралуына байланысты халық санағын өткізу мерзімі 2021 жылға шегерілгенін еске салды. Сол себепі қазіргі уақытта халық санағына қатысты ешқандай іс-шаралар өткізілмейді.