Фото

ЕУРО-2020: жасыл алаңдағы қуаныш пен өкініш – фото

Sputnik

Жаздың қазіргі аптап ыстық күндері әлемдегі миллиондаған футболсүйер көрермен үшін үміт пен күдік арпалысқан тәуліктерге айналды. Әсіресе футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатқан 11 қаладағы стадионның жасыл алаңындағы көңіл-күйді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан ол ойындардағы көңіл-күй мен сезімді тек суреттер ғана айна-қатесіз бейнелей алады.

Қуаныш, ашу, бақыт, күлкі, ыза, өкініш сынды түрлі сезімді тек жанкүйерлердің емес, жасыл алаңда жарысқа түскен футболшылардың да жүзінен анық көруге болады.

Футболдан Еуропа чемпионаты осымен он алтыншы рет өткізіліп отыр. Сонымен қатар тарихта тұңғыш рет жарыс өтетін орындар бір немесе екі ел аумағымен шектеліп отырған жоқ.

Қазіргі уақытта барлық топтағы, сондай-ақ 1/8 финалдық кездесулер, ширек финал аяқталды. Турнирдің финал бөліміне еуропалық 24 құрама қатысады.

1 / 29
Швейцария футболшысы Гранит Джака Еуро-2020 аясында Франция мен Швейцария арасында өткен ойында өз командасының жеңісіне қуанып тұр. Бухаресттегі Ұлттық стадион, Румыния.
2 / 29
Италиялық футболшы Маттео Пессина Уэльс пен Италия арасындағы ойында бірінші голды соғуда.
3 / 29
Ағылшын футболшысы Букайо Сака Германия спортшысы Антонио Рудигермен Еуро 2020 аясындағы 1/8 финалда допқа таласуда.
4 / 29
Англия құрамасының футболшысы Фил Фоденнің шотландиялық Эндрю Робертсонмен тартысы.
5 / 29
Қарсыластың қақпасына екінші рет доп кіргізгеніне қуанып жатқан италиялық футболшы Маттео Пессина және оның командаластары.
6 / 29
Испан футболшысы Сесар Аспиликуэта өз командасының екінші рет гол соққанына қуанып тұр. Копенгагендегі "Parken" стадионында Хорватия мен Испания арасындағы 1/8 финал ойыны
7 / 29
"Италия - Уэльс" кездесуі кезіндегі футболшылар Алессандро Бастони мен Киффер Мур.
8 / 29
Италия ойыншысы Марко Верраттидің қақпаға кірген допқа қатысты танытқан реакциясы. Италия мен Уэльс арасындағы ойын.
9 / 29
"Дания – Уэльс" ойынынан кейін Копенгагендегі фан-аумақта қуанышын жасыра алмай, сезімге берілген Дания жанкүйерлері.
10 / 29
Чехиямен арадағы матч кезіндегі ағылшын құрамасындағы Гарри Кейн.
11 / 29
Нидерланды футболшысы Дензел Дюмфрис пен чех Павел Кадержабек арасындағы жопқа талас. Будапешттегі "Ференц Пушкаш" стадионындағы "Нидерланды – Чехия" матчы.
12 / 29
Гранит Джака (Швейцария) және оның командаласы Франция командасын жеңгеннен кейін өз құрамасының жетістігіне қуанып тұр.
13 / 29
Чехия футболшысы Томаш Холеш өз командасының алғашқы голына қуануда. Будапешттегі "Ференц Пушкаш" стадионындағы "Нидерланды – Чехия" ойыны.
14 / 29
Француз қақпашысы Уго Льорис Бухаресттегі Ұлттық стадионда Франция мен Швейцария арасында өткен дода кезінде пенальти добын қағып алуда.
15 / 29
Қарсылас Хорватия командасының қақпасына соғылған голдан кейінгі Испания құрамасының ойыншылары.
16 / 29
Еуро-2020 аясындағы Испанияға қарсы матч кезіндегі Хорватия құрамасының жанкүйерлері.
17 / 29
Украина қақпасына доп кіргізгеннен кейінгі Швеция құрамасы ойыншыларының қуанышы.
18 / 29
Дат спортшысы Миккель Дамсгор Ресей құрамасына қарсы өткен ойын кезіндегі авторлық алғашқы голына қуануда.
19 / 29
Биылғы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 2-ші турында командасының ойынына алаңдап тұрған Ресей құрамасының бас жаттықтырушы Станислав Черчесов, "Финляндия – Ресей" ойыны.
20 / 29
Еуро-2020 аясындағы Дания мен Уэльс құрамаларының ойыншылары.
21 / 29
Швейцарияға қарсы ойын алдындағы Франция командасының жанкүйерлері.
22 / 29
Ағылшын спортшысы Гарри Магуайр мен неміс футболшысы Кай Хаверц ала допқа таласуда.
23 / 29
Еуро-2020 кезіндегі Германия мен Англия құрамасының ойыншылары.
24 / 29
Еуро-2020 матчындағы Италия мен Австрия командаларының спортшылары.
25 / 29
Швецияға қарсы матч кезінде өз командасына қолдау көрсеткен Украина құрамасының жанкүйері.
26 / 29
Швеция – Украина кездесуі кезінде жасыл алаңға жүгіріп ыққан ер адамды ұстап тұрған күзет қызметкері.
27 / 29
Германия командасына қарсы өткен матч кезінде гол соғылғаннан кейінгі Англия құрамасының ойыншысы.
28 / 29
Еуро-2020 аясындағы Португалия және Бельгия құрамаларының спортшылары.
29 / 29
Уэльс командасындағы Итан Ампаду италиялық футболшы Федерико Бернардескиге қарсы ойын ережесін бұзғаны үшін алаңнан қуылды