Жаздың қазіргі аптап ыстық күндері әлемдегі миллиондаған футболсүйер көрермен үшін үміт пен күдік арпалысқан тәуліктерге айналды. Әсіресе футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатқан 11 қаладағы стадионның жасыл алаңындағы көңіл-күйді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан ол ойындардағы көңіл-күй мен сезімді тек суреттер ғана айна-қатесіз бейнелей алады.
Қуаныш, ашу, бақыт, күлкі, ыза, өкініш сынды түрлі сезімді тек жанкүйерлердің емес, жасыл алаңда жарысқа түскен футболшылардың да жүзінен анық көруге болады.
Футболдан Еуропа чемпионаты осымен он алтыншы рет өткізіліп отыр. Сонымен қатар тарихта тұңғыш рет жарыс өтетін орындар бір немесе екі ел аумағымен шектеліп отырған жоқ.
Қазіргі уақытта барлық топтағы, сондай-ақ 1/8 финалдық кездесулер, ширек финал аяқталды. Турнирдің финал бөліміне еуропалық 24 құрама қатысады.