НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Атырау облысында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды. Салдарынан бір адам қаза болды.
Өрт 2 шілде 20:30-да Тасқала кентінде болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
"Газ-ауа қоспасының жиналуы салдарынан ас үйде газ жарылып, үйдің шатыры өртенді. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД жеке құрамының 12 адамы мен үш техника жұмылдырылды", - делінген облыстың ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
49 жастағы әйел көз жұмды, ал 12 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның денесін 85 пайыз күйік шалған. Қазір ол өте ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Өрттің алдын ала себебі – газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Мамандардың айтуынша, үй иелері плитаны орнатқан кезде газ қызметінің мамандарын шақырмай, газ құбырларын өз бетінше қосқан.