Қоғам

Қазақстан мектептері дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайындалып жатыр

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов әкімдіктерге білім ошақтарын жаңа оқу жылына дайындауды тапсырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Вице-премьер Ералы Тоғжанов өңір әкімдеріне мектептерді жаңа оқу жылына дайындау туралы тапсырма берді.

Бүгін, 2 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Вице-премьер әкімдіктерге мектептерді дәстүрлі оқыту форматына дайындауды тапсырды.

"Дәстүрлі форматтағы жаңа оқу жылына дайындалу мақсатында ВАК төрағасы өңір әкімдіктеріне білім беру мекемелерін алдын ала дайындап, санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеру қажеттігін айтты", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Тоғжанов күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл оқушылар дәстүрлі форматта оқитынын айтты. Ол жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін атап өткен болатын.

Сондай-ақ премьер-министр Асқар Мамин білім беру саласында міндетті вакциналау енгізу қажет екенін мәлімдеді.