Қоғам

Тоғжанов күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды

© Sputnik / Тимур БатыршинАэропорт. Ashyq
Аэропорт.  Ashyq - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
ПТР-тест нәтижелерін және вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссияның отырысында эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты облыс әкімдіктеріне "сары" аймақта орналасқан өңірлерде күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Премьер-министрдің орынбасары ел бойынша вакциналаудың жоғары қарқынына қарамастан, бүгінде Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыс белсенділігінің төмен екенін атап өтті.

"Сондай-ақ әкімдіктерге мобильді бригадалардың шығуын ұйымдастыру арқылы ауыл тұрғындарын вакциналау жұмыстарын күшейту тапсырылды", - делінген ️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды, әсіресе Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында белсенділікті арттыру қажет.

"Ashyq" жобасына қатысатын бизнес субъектілерінің қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес "Атамекен" ҰКП ұсынысы бойынша келушілердің мәртебесін тексермейтін 464 нысанды жүйеден 2 аптаға алып тастау туралы шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз: 15 шілдеге дейін вакцина салдыру керек – бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы 

ВАК отырысында ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ПТР-тестілерді қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша жыл басынан бері полиция органдары 23 қылмыстық іс, ал жалған вакцинация паспорттарын пайдалану фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

Ералы Тоғжанов ішкі істер министрлігіне ПТР-тест нәтижелерін және вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Жаңалықтар
0