Саясат

Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Президент протоколының бастығы, Сербиядағы төтенше және өкілетті елші, президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі ауысатын болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Атамқұлов Қазақстан президенті протоколының бастығы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Ғабит Сыздықбековті Қазақстанның Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен алды.

Ал Алмат Байшолақов Қазақстан президенті әкімшілігінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.