Фото

Ажалмен арпалысып, адам өміріне араша түсетіндер: дәрігерлердің күнделікті еңбегі – фото

Sputnik

Себебі олар ғаламшардың ең құнды ресурсы – адам өмірін сақтауда аса маңызды рөл атқарады.

Өткен жылы бүкіл әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы дәрігерлердің, медицина мамандарының қандай ауыр қызмет атқарып жүргенін еш боямасыз көрсетті. Адам баласының болашағы таразы басында тұрған шақта олар қара басының қамын күйттемей, белгісіз вирусқа төтеп беруден аянып қалған жоқ.

Бүгінде күн сайын әлем бойынша қанша адам коронавирус жұқтырғаны, қаншасы жазылып немесе дерттен көз жұмғаны туралы жиынтық ақпарат жасау қалыпты жағдайға айналды. Бұл сандардың артында медицина мамандарының қанша еңбегі, күресі мен ерлігі жатыр.

Коронавирусты адам баласы әлі толық жеңе қоймаған шақта әлемнің түрлі елінен жаңа штаммдар пайда болып жатыр. Қоғамды үрей билесе де, медицина қызметкерлері болашаққа оптимизммен қарап, науқастарды емдеуден шаршамай келеді. Шаршаса да, байқатпайды.

Бұл расында да бас иіп, құрмет көрсетуге тұрарлық мамандық иелері. Олар өмір мен өлімнің түрлі бейнесін күн сайын көріп, сонда да мұқалмай келе жатқан қайсар жандар. Адам өмірі үшін араша түскен дәрігерлердің ерен еңбегі жайлы суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 16
Олар күн сайын адам өміріне араша түседі. Өмірді сақтау үшін қас қағым сәт қана болатынын дәрігерлерден артық түсінетін ешкім жоқ шығар, сірә
2 / 16
Таңдаған мамандық күн сайын, сәт сайын ерлікті талап етеді. Бұл еңбек көп адамның көзіне түсе бермесе де, адамдарды қалай құтқарып жатқаны өздеріне жақсы мәлім
3 / 16
Дәрігерлер науқастың шындықты жасырып тұрған кезін жақсы түсінеді. Алайда бұл әрекеті үшін сөкпейді. Керісінше, ауруды жеңуге көмектеседі. Олар адамдардың кейде аса ауыр жағдайға әкеп соғатын байғамдығына таңғалудан жалықпайды. Бірақ тиісті көмек көрсетуден ешқашан бас тартқан емес
4 / 16
Олардың әр күні күресумен өтеді. Бұл қаншалықты үрейлі болса да, дәрігерлер күн сайын ақ халатын киіп, адам өмірі үшін сақтауға сақадай сай тұрады
5 / 16
Әрбір секундтың құнды екенін олардан артық ешкім сезініп көрмеген болар. Адамның өмірі қыл үстінде тұрғанда олар өз басындағы барлық қиындықты, сәтсіз күнді, ауыртпалықты ұмытады
6 / 16
Соңғы жылдары дәрігерлерге арнап көп мурал салынды. Бұл қазіргі заманның батырларына алғыс білдірудің үлгісі
7 / 16
Адам өмірі үшін күресуде оларға қолайсыз ауа райы да, алыс қашықтық та кедергі бола алмайды
8 / 16
Олардың әрбір күні үлкен жауапкершілікке толы
9 / 16
Адамдарды денсаулығының қалыпқа келетініне сендіру - осы мамандықтағы ең қуанышты сәттің бірі
10 / 16
Өткен күн қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, олар әр таң сайын өздерінің кәсіби міндетін атқаруға кіріседі
11 / 16
Жедел жәрдем жүргізушісі аздаған үзіліс кезінде қағазға жазу жазып отыр. Бәлкім бұл конспект болар, бәлкім болашақ романның сюжеті...
12 / 16
Оларды өзінің де, өзгенің де қанынан қорықпауға үйретеді. Себебі кейде адамды аман алып қалу үшін түрлі амалға баруға тура келеді
13 / 16
Бұл өмірге шын ғашық қайсар мінезді, таусылмас төзімі бар ғажап жандар
14 / 16
Бүкіл әлемнің саулығы мен болашағы осы маман иелерінің қолында тұр десек те артық айтпаған болармыз
15 / 16
Мұны өздері де жақсы біледі. Сондықтан, мейлінше, көп адамды аман алып қалу үшін күн сайын тынымсыз қызмет етуде
16 / 16
Сондықтан біз қазіргі заманның батырларына алғыс айтудан жалықпауымыз керек