НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде - Sputnik. Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі парамен ұсталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"2021 жылдың 1 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ішкі қауіпсіздік департаменті Атырау облысы бойынша департаментпен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілін ірі көлемде пара алғаны үшін ұстады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Күдікті Атырау полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайын тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды, деді ведомстводағылар.