Қоғам

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚорғаныс министрлігінің ғимараты
Қорғаныс министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2021
Жазылу
Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдиновті ұстады", – деп хабарлады ведомстводан.

Ал кейбір БАҚ дерегінше, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, сыйақы беру кезінде бюджет қаражатын жымқырды және әскери қызметшілерден ақшалай жәрдемақыларды заңсыз өндіріп алды" деп күдікке ілінген.

"Сыйақының жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады", – делінген Orda.kz порталының ақпаратында.

Сатыбалдиновтің жұмыс орны мен үйінде тінту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қаржы қызметінің бастығы подполковник Жарболов та қылмыс жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті өзін жақсы қырынан көрсеткен офицер ретінде атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі кімдерге SMS-хабарлама жібереді

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтарында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қарамағындағы қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың бірде-бір фактісіне жол бермеуді тапсырған болатын.

Жаңалықтар
0