Өңірлер

Түркістандағы "Керуен сарай" тағы да жанжалдың ортасында қалды – оқиғаның видеосы

Куәгерлер ғимаратқа кіреберістегі төбенің құлағанын видеоға түсіріп алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде Түркістандағы "Керуен сарай" туристік кешенінің шатыры құлағаны туралы видео таралып жатыр. Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желіде Түркістандағы "Керуен сарай" аркаларының бірінің шатыры құлады деген видео таралып жатыр. Нысан басшылығының айтуынша, келушілердің қауіпсіздігі сақтала отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазды Қалқаманов.  

Сонымен қатар шенеунік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды өтініп, "Керуен сарайдың" жеке инвестиция есебінен салынғанын ескертті.

"Құрылыстың сапасына инвестор жауапты", - деп түйіндеді Сәкен Қалқаманов.

Оқи отырыңыз: Шөкеев неліктен "Керуен сарайдың" құрылысына пенопласт қолданылғанын түсіндірді 

Маусым айының ортасында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев блогердің "Керуен сарайды" пенопластан салған деген жазбасына ашуланды. Пенопласт – бұл қарапайым әрлеу материалы, деп атап өтті Шөкеев. Ол блогердің жазбасы құрылыс компаниясының беделіне нұқсан келтіргенін айтып, оны "түсініксіз хайп" деп атады.