Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды

29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан емделуде
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Бір тәулікте COVID-19 және пневмониядан 23 қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде коронавирустан 20 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырғандарға қатысты жаңа дерек жарияланды

29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан (–22 746 + және 1276 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 125 пациент стационарда, 16 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 485 адамның жағдайы ауыр,
  • 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 70 жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 421 121 жетті.