НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Бір тәулікте COVID-19 және пневмониядан 23 қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде коронавирустан 20 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырғандарға қатысты жаңа дерек жарияланды
29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан (–22 746 + және 1276 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 125 пациент стационарда, 16 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 485 адамның жағдайы ауыр,
- 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 70 жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 421 121 жетті.