Саясат

Назарбаев пен Путин Мәскеуде кездеседі

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту және басқа да өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин 30 маусымда Мәскеуде кездеседі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

"Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективалары және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр", - деп жазды ол Twitter-де.

Еске салсақ, жақында Назарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Елбасы Қарағанды фармацевтика кешенінің базасында өндірілген ресейлік "Спутник V" препаратын алды.

Бұған қоса ол Қазақстанға келген Ресей Федерациясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.