НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Ресейдің "Вектор" орталығы коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона-Н" вакцинасын тіркеу үшін құжат тапсырды, деп хабарлады РИА Новости.
"ЭпиВакКорона-Н" пептидтік вакцинасы бұлшықетке енгізу үшін суспензия түрінде шығарылады, "1 доза/0,5 миллилитр".
Бұл вакцинаны клиникалық зерттеу 8 сәуірде басталды және 2021 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.
Ресейде бұған дейін коронавирусқа қарсы төрт вакцина тіркелді, олар – Гамалея атындағы институттың "Спутник V" және "Спутник Лайт", "Вектор" вирусология орталығының "ЭпиВакКорона" және Чумаков атындағы орталықтың "КовиВак" вакциналары.
Вакцинаның құрамына үш пептид (майда жасанды синтезделген ақуыз фрагменті) бар, олар ірі ақуыз-тасымалдаушымен біріктірілген және алюминий гидроксидіне адсорбцияланған.