Әлем

Ресейде коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны тіркеу үшін құжат тапсырылды

© AFP 2024 / JOSEPH PREZIOSOМедсестра набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медсестра набирает в шприц вакцину от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
"ЭпиВакКорона-Н" пептидтік вакцинасын "Вектор" орталығы жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Ресейдің "Вектор" орталығы коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона-Н" вакцинасын тіркеу үшін құжат тапсырды, деп хабарлады РИА Новости.

Женщина в маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Қоғам
Коронавируспен ауырған дұрыс па, әлде вакцина салдыру керек пе - маман жауабы
"ЭпиВакКорона-Н" пептидтік вакцинасы бұлшықетке енгізу үшін суспензия түрінде шығарылады, "1 доза/0,5 миллилитр".

Бұл вакцинаны клиникалық зерттеу 8 сәуірде басталды және 2021 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.

Ресейде бұған дейін коронавирусқа қарсы төрт вакцина тіркелді, олар – Гамалея атындағы институттың "Спутник V" және "Спутник Лайт", "Вектор" вирусология орталығының "ЭпиВакКорона" және Чумаков атындағы орталықтың "КовиВак" вакциналары.

Вакцинаның құрамына үш пептид (майда жасанды синтезделген ақуыз фрагменті) бар, олар ірі ақуыз-тасымалдаушымен біріктірілген және алюминий гидроксидіне адсорбцияланған.  

Жаңалықтар
0