НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым - Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева жазғы демалысында отбасымен бірге түскен суреттерін көрсетті.
Назарбаеваның Instagram парақшасында демалыстың алғашқы суреті бір апта бұрын жарияланды.
Суреттің жазбасына Елбасының кіші қызы отбасы құндылығының маңызы туралы пікірімен бөліседі.
"Уақыт өте келе біздің алғашқы кітаптарымыз, білім, даналық, махаббат пен мейірім дәрістері біздің ата-анамыз, яғни өз өміріміздің қайнар көзі екеніне толық көз жеткізгендеймін. Мені қазір үмітін жоғалтпай қиыншылықтарға бірге қарсы тұра алатын адамдар шабыттандырады. Оларға сүйсіне қараймын", - деп жазды Назарбаева.
Ол сонымен бірге қыздарының да суреттерін көрсетті. Назарбаева бұл сарынды суреттерге бала тәрбиесі туралы пікірлерін қоса жазады.
"Балаларына шынайы дос бола алатын ата-аналар оны кез-келген жағымсыз әсерлерден қорғай алады", - дейді ол.
Инстаграмдағы жазбаларында Әлия Назарбаева жазғы демалысын өткізіп жатқан елді көрсетпеген.