Қоғам

Назарбаевтың кіші қызы демалыста түскен суреттерін жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневАлия Назарбаева
Алия Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Жазылу
Әлия Назарбаева әлеуметтік желіні белсенді жүргізеді, жақында жағажайдағы отбасылық демалыстан әдемі суреттер жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым - Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева жазғы демалысында отбасымен бірге түскен суреттерін көрсетті.

Назарбаеваның Instagram парақшасында демалыстың алғашқы суреті бір апта бұрын жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Суреттің жазбасына Елбасының кіші қызы отбасы құндылығының маңызы туралы пікірімен бөліседі.

"Уақыт өте келе біздің алғашқы кітаптарымыз, білім, даналық, махаббат пен мейірім дәрістері біздің ата-анамыз, яғни өз өміріміздің қайнар көзі екеніне толық көз жеткізгендеймін. Мені қазір үмітін жоғалтпай қиыншылықтарға бірге қарсы тұра алатын адамдар шабыттандырады. Оларға сүйсіне қараймын", - деп жазды Назарбаева.

Ол сонымен бірге қыздарының да суреттерін көрсетті. Назарбаева бұл сарынды суреттерге бала тәрбиесі туралы пікірлерін қоса жазады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Балаларына шынайы дос бола алатын ата-аналар оны кез-келген жағымсыз әсерлерден қорғай алады", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Инстаграмдағы жазбаларында Әлия Назарбаева жазғы демалысын өткізіп жатқан елді көрсетпеген.

Жаңалықтар
0