Қоғам

Қандаладан құтыламын деп көршісін өлтірді: ақтаулық әйел сотталды

Пәтерін қандаладан тазартпақ болған әйел көршілеріне ескертпестен үйіне "Квикфос" препаратын шашқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik.  Ақтауда үйіне дезинфекция жасап екі адамның өліміне себепкер болған  әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Ашық сот отырысында оның кінәсі толық дәлелденген.

Жұртты дүрліктірген оқиға ақпан айында болған. Пәтерін қандаладан тазартпақ болған әйел көршілеріне ескертпестен үйіне «Квикфос» препаратын шашып кетіп қалған. Удан жоғары қабатта тұратын 10 айлық сәби мен оның анасы көз жұмды.

"Дезинфекция жасау кезінде ҚР сатылуға тыйым салынған препаратты пайдаланған. Бұл препаратты қолдану кезінде, өкінішке қарай, көршілеріне алдын ала ескертпеген. Сот үкімімен аталған ҚР ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,  6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Маңғыстау облысы сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова.

Ал жеті адам есінен танып ауруханаға түскен. Олар дер кезінде дәрігерлерге көрініп аман қалған болатын.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда пәтерге күшпен кірген сот орындаушылары есеңгіреп қалды