Фото

Victoria’s Secret арық модельдерден бас тартты - фото

Sputnik

Victoria’s Secret өзінің жаңа модельдерінің суретін жариялады. Олардың қатарында футбол жұлдызы және гендерлік теңдік үшін күресіп жүргендердің бірі Меган Рапино, модель әрі адвокат Палома Эсслер, актриса және техникалық инвестор Приянка Чопра, қыз-келіншектерді өздерін туа біткен қалыпта сүюге насихаттайтын бразилиялық транс-модель Валентина Сампайо, модель және Оңтүстік Суданнан келген босқын Адут Акеч, журналист және фотограф Аманда де Кадене, сондай-ақ шаңғы фристайлының өкілі Эйлин Гу бар.

Америкалық бренд қазіргі қоғамда әйелдердің пішіні мен сырт келбетіне қатысты туындаған өзгерістер мен талаптарға қарай мойын бұрып, өз саясатына бірқатар өзгеріс енгізуге мәжбүр болды.

Бірнеше жыл бұрын #metoo қозғалысы мен өз тәніне оң көзқараспен қарауды насихаттаушылар Victoria’s Secret көрсетілім-шоуын "сексизмге толы және патриархтық көзқараста" деп сынады. Осы шудан кейін аталған шоу көрермендері 3,3 миллионға дейін қысқарып қалды.

Сондықтан танымал бренд өз модельдерінен бас тартып, мінсіз дене бітімімен емес, өмердегі жетістіктерімен танымал болған қыз-келіншектерге көңіл бөлді. Олардың қатарында қоғам белседісі, актриса, суретші және түрлі мамандық иелері бар.

Алессандра Амбросио, Миранда Керр, Кэндис Свейнпол, Джиджи және Белла Хадид, Жизель Бундхен, Адриана Лима, Эрин Хитертон, Хайди Клум енді бұл бренд сахнасынан кетті ме?

Victoria’s Secret сахнасында брендтік іш киімдерді жарнамалау кімге бұйырғанын суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

Атап өтсек, #MeToo қозғалысы Батыста 2017 жылы кинопродюсер Харви Вайнштейннің әйелдерге зорлық пен қысым көрсетуіне қатысты дау кезінде пайда болды. Кейіннен басқа да танымал тұлғаларға осы тектес айып тағылды.

1 / 8
Victoria's Secret атты танымал іш киімдер бренді өзінің супермодельдерінен бас тартты. Компания маркетинг саясатын өзгертуді жөн көріп, енді әйгілі шоу санасына шығатын жаңа жұлдыздардың есімін атады. Суретте: танымал брендтің жаңа моделіь Палома Эльсессер.
2 / 8
Шашын күлгін түске бояған 35 жастағы футболшы Меган Рапино да Victoria's Secret моделіне айналды. Ол тек спортшы ретінде емес, гендерлік теңдікті насихаттаушылардың бірі ретінде танымал.
3 / 8
Танымал брендтің сахнасында енді 38 жастағы актриса Приянка Чопраны да көру мүмкін болады. Ол арық болуға ұмтылудан гөрі өз дене бітімін қаз-қалпында жақсы көруді ұстанып келеді.
4 / 8
Victoria’s Secret брендін трансгендер Валентина Сампайо да таныстырады. Шоу фанаттарының пікірінше, бұл модельдің сырт келбеті мен дене бітімі алдыңғы жұлдыздардан еш кем түспейді.
5 / 8
Оңтүстіксудан-австралиялық модель Адут Акеч өзінің табиғи, экзотикалық сұлулығының арқасында көптеген сән көрсетілімінде өнер көрсете алды. Енді ол Vicoria's Secret сахнасына да шығады.
6 / 8
Британдық актриса, журналист әрі фотограф Аманда Де Кадене.
7 / 8
17 жастағы қытай-америкалық шаңғышы Эйлин Гу.
8 / 8
Швейцария-америкалық плюс сайз модель Палома Эльсессер. Іш киім бренді басшылығының пікірінше, Палома қыз-келіншектерді өз мүсініне байланысты қысылмауға шабыттандырады.