Victoria’s Secret өзінің жаңа модельдерінің суретін жариялады. Олардың қатарында футбол жұлдызы және гендерлік теңдік үшін күресіп жүргендердің бірі Меган Рапино, модель әрі адвокат Палома Эсслер, актриса және техникалық инвестор Приянка Чопра, қыз-келіншектерді өздерін туа біткен қалыпта сүюге насихаттайтын бразилиялық транс-модель Валентина Сампайо, модель және Оңтүстік Суданнан келген босқын Адут Акеч, журналист және фотограф Аманда де Кадене, сондай-ақ шаңғы фристайлының өкілі Эйлин Гу бар.
Америкалық бренд қазіргі қоғамда әйелдердің пішіні мен сырт келбетіне қатысты туындаған өзгерістер мен талаптарға қарай мойын бұрып, өз саясатына бірқатар өзгеріс енгізуге мәжбүр болды.
Бірнеше жыл бұрын #metoo қозғалысы мен өз тәніне оң көзқараспен қарауды насихаттаушылар Victoria’s Secret көрсетілім-шоуын "сексизмге толы және патриархтық көзқараста" деп сынады. Осы шудан кейін аталған шоу көрермендері 3,3 миллионға дейін қысқарып қалды.
Сондықтан танымал бренд өз модельдерінен бас тартып, мінсіз дене бітімімен емес, өмердегі жетістіктерімен танымал болған қыз-келіншектерге көңіл бөлді. Олардың қатарында қоғам белседісі, актриса, суретші және түрлі мамандық иелері бар.
Алессандра Амбросио, Миранда Керр, Кэндис Свейнпол, Джиджи және Белла Хадид, Жизель Бундхен, Адриана Лима, Эрин Хитертон, Хайди Клум енді бұл бренд сахнасынан кетті ме?
Victoria’s Secret сахнасында брендтік іш киімдерді жарнамалау кімге бұйырғанын суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
Атап өтсек, #MeToo қозғалысы Батыста 2017 жылы кинопродюсер Харви Вайнштейннің әйелдерге зорлық пен қысым көрсетуіне қатысты дау кезінде пайда болды. Кейіннен басқа да танымал тұлғаларға осы тектес айып тағылды.