Қоғам

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

Жаңа үлгідегі форма патрульдік полицейлерге, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналып тігілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі полицейлер киетін жаңа  форманы көрсетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, форманы дайындау кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аударылды, əр түрлі климаттық жағдайлар ескерілді. Әлемдік тәжірибе де зерделенді.

Жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналып тігілген.

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында учаскелік полиция инспекторлары үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Осының арқасында халық оларды бірден тани алады.

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

Ал полиция басқармалары аппараттарында жұмыс істейтін әйелдерге  жазда киетін қосымша көйлек те беріледі.

Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар.

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

Қызметкерлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді. Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды.

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді. Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды.

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылып отыр.

Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды.

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

"Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады",- дейді министрлік мамандары.