Қоғам

"Полицейлер кроссовка киеді": министрлік жаңа форманы көрсетті – фото

© Photo : polisia.kzКроссовки, новая полицейская форма
Кроссовки, новая полицейская форма - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Жаңа үлгідегі форма патрульдік полицейлерге, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналып тігілді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі полицейлер киетін жаңа  форманы көрсетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, форманы дайындау кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аударылды, əр түрлі климаттық жағдайлар ескерілді. Әлемдік тәжірибе де зерделенді.

Жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналып тігілген.

© Photo : polisia.kzПолицейлердің жаңа формасы
Полицейлер кроссовка киеді: министрлік жаңа форманы көрсетті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Полицейлердің жаңа формасы

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында учаскелік полиция инспекторлары үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Осының арқасында халық оларды бірден тани алады.

© Photo : polisia.kzФормадағы Polisia жазуы
Полицейлер кроссовка киеді: министрлік жаңа форманы көрсетті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Формадағы Polisia жазуы

Ал полиция басқармалары аппараттарында жұмыс істейтін әйелдерге  жазда киетін қосымша көйлек те беріледі.

Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар.

© Photo : polisia.kzПолицей формасы
Полицейлер кроссовка киеді: министрлік жаңа форманы көрсетті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Полицей формасы

Қызметкерлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді. Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды.

© Photo : polisia.kzПолицейлер киетін кроссовка
Полицейлер кроссовка киеді: министрлік жаңа форманы көрсетті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Полицейлер киетін кроссовка

Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді. Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды.

© Photo : polisia.kzПатрульдік полицей формасы
Полицейлер кроссовка киеді: министрлік жаңа форманы көрсетті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Патрульдік полицей формасы

Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылып отыр.

Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды.

© Photo : polisia.kz/Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды
Полицейлер кроссовка киеді: министрлік жаңа форманы көрсетті – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды

"Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады",- дейді министрлік мамандары.

Жаңалықтар
0