Оқиға

КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды - фото

Автокөлік жылдамдықпен су құятын машинаға соқтығысып, жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Алматыдағы Алатау ауданында Шұғыла мен Түймебаев көшелерінің қиылысында Mercedes жеңіл көлігі мен КамАЗ соқтығысты.

Куәгерлер Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлағандай, Түймебаев көшесімен жүріп келе жатқан Mercedes жылдамдықты асырып, "Жол бер" белгісіне қарамастан көше қиылысына шығып кетеді. Осы кезде су құятын КамАЗ көлігі келе жатқан.

КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды - фото

Осылайша Mercedes жоғары жылдамдықпен КамАЗ-дың кабинасына соқтығысады. Содан кейін жеңіл көлік артқа жылжып кетіп қоршауды бұзады. Соңында жеке тұрғын үйге соғылады.

КамАЗ соққы әсерінен қозғалысын жалғастырып, ағашқа соқтығысты.

КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды - фото

Қатты соққының салдарынан КамАЗ-дың су цистернасы жұлынып кетті.

Жол апатынан КамАЗ жүргізушісі мен жолаушысы, жеңіл көлік жүргізуші мен оның екі жолаушысы жарақат алды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.