Оқиға

КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды - фото

© Sputnik / Стрингер"Мерседес" столкнулся в автоцистерной
Мерседес столкнулся в автоцистерной  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Автокөлік жылдамдықпен су құятын машинаға соқтығысып, жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Алматыдағы Алатау ауданында Шұғыла мен Түймебаев көшелерінің қиылысында Mercedes жеңіл көлігі мен КамАЗ соқтығысты.

Куәгерлер Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлағандай, Түймебаев көшесімен жүріп келе жатқан Mercedes жылдамдықты асырып, "Жол бер" белгісіне қарамастан көше қиылысына шығып кетеді. Осы кезде су құятын КамАЗ көлігі келе жатқан.

© Sputnik / Стрингер"Мерседес" столкнулся в автоцистерной
КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
"Мерседес" столкнулся в автоцистерной

Осылайша Mercedes жоғары жылдамдықпен КамАЗ-дың кабинасына соқтығысады. Содан кейін жеңіл көлік артқа жылжып кетіп қоршауды бұзады. Соңында жеке тұрғын үйге соғылады.

КамАЗ соққы әсерінен қозғалысын жалғастырып, ағашқа соқтығысты.

© Sputnik / Стрингер"Мерседес" столкнулся в автоцистерной
КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
"Мерседес" столкнулся в автоцистерной

Қатты соққының салдарынан КамАЗ-дың су цистернасы жұлынып кетті.

Жол апатынан КамАЗ жүргізушісі мен жолаушысы, жеңіл көлік жүргізуші мен оның екі жолаушысы жарақат алды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0