Қоғам

Банкоматты жарып жіберген екі алматылыққа қатысты сот үкімі шықты

Айыпталушылар бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым - Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты өткен жылдың желтоқсан айында көшедегі банкоматты жарып, ішінен 19,2 миллион теңге немесе 45 мың доллар ұрлап кеткен екі ер адамға қатысты үкім шығарды.

2020 жылдың желтоқсан айында екі ер адам алдын ала келісім бойынша газ бен оттегіні пайдаланып, көшедегі банкоматты жарып жіберді. Осылайша 19 миллион 276 мың теңгені қолы етті.

Ұрланған ақшаны өзара бөлісіп, бизнеске салады.

Оқи отырыңыз: Ұрланған велосипед қалай сатылады – Нұр-Сұлтанда түсірілген видео

Оларға қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Аса ірі көлемде ұрлық жасау) бойынша айып тағылды.

Екеуі де өз кінәсін толық мойындады және өз істеріне өкініш білдірді.

Айыпталушылардың біреуі келтірілген шығынның орнын толтырды. Осыған байланысты ол бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады. Ал екінші сотталушыға соттың қарауы бойынша жаза тағайындалды.

"Сот үкімі бойынша Ж. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстың қайталануын ескере отырып, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. М. де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша - үш жас баласының болуы, келтірілген зиянды өтеуі есебімен бес жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.