Елорда тынысы

Ұрланған велосипед қалай сатылады – Нұр-Сұлтанда түсірілген видео

© Sputnik / Болат ШайхиновВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Күдікті 11 маусымда түнде Досмұхамедұлы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда велосипед ұрлап жүрген ер адам ұсталды. Оның кезекті "тауарын" сатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Polisia.kz.  

Полиция бөлімшесіне 56 жастағы ер адам хабарласып, велосипеді ұрланғанын айтқан. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 11 маусымда түнде Досмұхамедұлы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен. Ертесінде оны сатып жіберген. Дәл осы сәт видеоға түсіп қалыпты.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Криминалды полиция күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Осы орайда Нұр-Сұлтан қалалық полиция депаратменті қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді. Атап айтқанда:

  • велосипедтің рамасына немесе бөлшектеріне белгі салу;
  • велосипедті кіреберісте қалдырмау;
  • арнайы велоқұлыптарды пайдалану (U-құлыптар дұрыс);
  • велосипедтің жанында күдікті адамдарды көрсеңіз, бірден полицияға хабар беріңіз.
Жаңалықтар
0